06 Тамыз, 2019 NEWS
Қазақстандықтар құны 2 млн теңге тұратын дәріні тегін ала алады
Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімін қайта реттеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысында бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл норма пациенттерге аталған дәріні дәрігердің тағайындауымен дәріханалар арқылы алуына мүмкіндік береді", – делінеді хабарламада.
Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдар мәлім еткен жылдық көлемін сатып алып қойды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратыла бастайды.
Бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір