• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:07:35
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Елордада ірі базар өртенді

Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты жалмаған.

Елордадағы  базарлардың бірінде өрт болып, "Ярмарка" қоймасында азық-түлік тауарлары сақталған 30 дүңгіршек жанып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Big Шанхай" сауда базарының аумағындағы өрт туралы хабарлама 6 тамыз күні 03:49-да келіп түскен. 04:35-те өрттің таралуы тоқтатылып, 05:08-де толық сөндірілді.

Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты жалмаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 44 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды деп хабарлайды астаналық төтенше жағдайлар комитеті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір