• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:00:11
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Жеміс-жидек бағасының шарықтауына кім кінәлі?

"Шымкентте қызанақтарыңыз 60 теңге. Міне, мында 550 теңге. Бұл енді сұмдық былай қарасаң".

Жыл өткен сайын базардағы жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттап барады. Мәселен, биылғы жеті айда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға көтерілген.

"Мен жақында Шымкентке барып келдім. Бізде Шымкентте қызанақтарыңыз 60 теңге. Міне, мында 550 теңге. Бұл енді сұмдық былай қарасаң. Қауынның келісі 350 теңге. Бізде Шымкентте сиырлар жеп жатыр қазір оны. Бұл не деген сұмдық? Мұны қарайтын адам бар ма өзі, жоқ па? Ал біз мақұл, шамамыз келеді аламыз. Қарапайым халық не алады? Пенсионерлер не алады?" дейді базарға барған елордалық тұрғын".

Ағамыздың сөзінің жаны бар. Ала жаздайғы уақытын егіс алқабында өткізген диқандар бағаны бұлай шарықтата алмайды. Өйткені бір сәтте піскен жемісі мен көкөнісін тұрақты түрде тонналап өткізетін жер жоқ. Сондықтан амалсыз арзандау болса да қолында қаржысы бар делдалға сатады. Осылайша диқан өсірген өнім дүкен сөресіне жеткенше бірнеше есеге қымбаттайды. Мәселенің бір ұшы осы.

Қымбатшылықтың тағы бір себебі көкөністің шет мемлекеттерден әкелінуінде.

Арман Байғанов, экономист:

"Қазақстанда өсірілетін жеміс-жидек пен көкөніс ішкі сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сындықтан сырттан әкелуге тура келеді. Оның үстіне тың технологиялармен жабдықталған жылыжайлардың өзін шет елден сатып аламыз. Оның жолы бар, валюта бағамындағы айырмашылықтар және өзге де шығындар. Барлығы айналып келіп, өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Осылайша баға қымбат. Сондай-ақ шет елден әкелінетін жемістер доллармен алынады. Доллар өскен сайын олардың бағасы да көтеріле береді. бұл нарық заңы".

Сарапшылардың айтуынша, бағаның тұрақтылығын сақтау үшін отандық шаруаларды қолдау керек. Бір мысал. 2004 жылы үкімет алма еккендерге жағдай жасап, қаржыны еселеді. Соның арқасында алма бақтары көбейіп, бүгінде көп жемістің құны өскенмен алманың бағасы қалыпты.

Талғатбек Әбдіқожа, Ербол Дайыров

24.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір