• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:04:01
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Сақ болыңыз! Ғаламтордағы алаяқтар жаңа әдіспен ақша жасап жүр

Алаяқтар "жемтігін" алдаудың жаңа әдісін тауып алған. Жымысқы ойларын Deep Learning (нейрон желісі) арқылы жүзеге асырып жүр.

Соңғы уақытта алаяқтардың бұл әрекеті Дмитрий Нагиевтың кейпіне еніп, оқырмандарға құнды сыйлықтар мен ақшалай жүлделер таратуға уәде бергенінен байқалып қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі тұлғалардың сөйлеу мәнерін, бет қозғалысын игерген алаяқтар оқырмандарға сілтемеге өтуге кеңес береді. Ал сілтемеге өткен адамдар ақшасынан қағылуда. Бұл видеолардың анық-қанығына жету қиын. Дегенмен бірлі-жарым әдістері бар екен.

 "Егер видеодағы адамның көзі жұмылмаса, ашық немесе жартылай ашық кейіпте тұрсе, қозғалғанда басы бұлдырап кетсе, көлеңке болмаса, бұл - фейк видео", - дейді білетіндер. 

Алдағы уақытта дәл осындай нейро желі ашылып, фейк және шын видеоларды анықтайтын платформа құрылмақшы екен. 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір