• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 18:15:00
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

06 Тамыз, 2019 NEWS

"Бұл челлендж бұрынғылардан өзгерек": Садриддин Ахмедов жаңа челлендж бастады (видео)

Тоғыз жекпе-жегінің сегізін Канадада өткізген, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы Садриддин Ахмедов жаңа челлендж бастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жас боксшы өзінің Instagram парақшасында әуеге лақтырылған алманы пышақпен қақ бөлген видеосын жариялады. #SOQчеллендж деген хэштэгпен жарияланған боксшы жазбасында: "Ал батыр ағаларым, достарым мықты болсаңыздар қайталаңыздар", - делінген.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. Тоғыз жекпе-жегінің сегізін Канадада өткізген, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын. Боксшы кезекті жекпе-жегін 26 қыркүйекте Монреальда өткізеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір