• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:00:24
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір