• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:06:06
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Жұмбақ жоғалу: Петропавлда 29 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті (видео)

Көңілге күдік ұялататыны, оның қалтасында несиесін түгел төлеп тастауға жететін ірі көлемде ақшасы болған екен. Ал, Сағындықты іздеген жақындары бірден полицияға арызданыпты. 

Петропавлда 3 күннен бері 29 жастағы азаматты қала болып іздеп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметте істейтін жігіт туған кешіне кетіп, қайтып оралмаған екен. Тіпті, сол түні оның қалтасында несиесін төлеймін деген ірі көлемде ақшасы болыпты. Қазір азаматты туған-туысқандарымен қатар құзырлы орган өкілдері және еріктілер тобы іздеуге кіріскен. 

Туысқандарының айтуынша, туған күн кешінен шыққан Сағындық жол бойы таксиден түсіп қалып, жаяу жүрумек болыпты. Тіпті, сол уақытты әпкесімен телефон арқылы тілдескен екен. Көңілге күдік ұялататыны, оның қалтасында несиесін түгел төлеп тастауға жететін ірі көлемде ақшасы болған екен. Ал, Сағындықты іздеген жақындары бірден полицияға арызданыпты. 

"Үшінші тамыз күні полицияның бірінші бөлім із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз түскен. Қазіргі уақытта осы арызбен полиция бөлімдері жұмыс атқарып жатыр. Іздестіру ісі қозғалған. Сондай-ақ, іздестіру шараларымен ТЖД қызметкерлері айналысып жатыр",- дейді СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Данияр Ғалиақпаров.

Бейнебақылау камерасында оның сол түні жарығы жанған көшедегі бұрылысты кесіп өтіп, қараңғыға сүңгіп кеткені аңғарылады. Әрі қарай Есіл өзенінің жағалауы. Оның ұшты-күйлі жоғалуына қатысты түрлі деректер айтылуда. Ал, жас жігітті ит жетектеген сарбаздар жағалаудан іздесе, құтқарушылар күндіз-түні судың астын сүзіп жүр.

Әзірге жоғалған жігіт туған күннен келе жатып не үшін бағытын өзгерткені бәріне жұмбақ күйінде қалып отыр. Қазір құзылы орган қызметкерлерінен бөлек, Петропавл қаласы бойынша 100-ден астам еріктілер Сағындық Салықовты іздеуге кіріскен. 

 

Оқи отырыңыз: Із-түссіз жоғалған 29 жастағы жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды © qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір