• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:00:41
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Қазақстанда оң рульді қанша автокөлік бар?

Оң рульді көліктердің 97,7 пайызының "жасы" 20 жылдан асқан.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша елде тіркелген рульі оң жақтағы көліктер саны 4 пайызға азайған. Аталған кезеңде 24 778 оң рульді көлік тіркеуден өткен. Бұл тіркелген жалпы көлік санының 5 пайызын ғана құрайды. Жыл басынан бергі алты айда екінші нарықта 567 700 көлік тіркелген.

Тіркелген оң рульді көліктердің ондығын Toyota брендінің темір тұлпарлары бастап тұр. Олар 10 972 бірлік. Кейінгі орындарда Mitsubishi (5 197), Nissan (3 452), Honda (2 508), Subaru (1 693), Mazda (508), Suzuki (114), Isuzu (38), Daihatsu (33), Mercedes-Benz (28) жайғасқан.

3 сәуірдегі жағдай бойынша елде 142 966 оң рульді көлік тіркелген. Олардың басым көпшілігі Алматы қаласына (44 334), Алматы (42 839) және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Оң рульді көліктердің 45,5 пайызы (64 мың) Toyota брендінің үлгілері. Одан кейінгі орындарда Mitsubishi (30,5 мың), Nissan (18,1 мың), Honda (15 мың) және Subaru (8,3 мың). Танымал үлгілердің сапында Mitsubishi Pajero, Mitsubishi Delica, Nissan Cefiro, Honda CR-V және Toyota Hilux Surf бар.

Оң рульді көліктердің 97,7 пайызының "жасы" 20 жылдан асқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір