• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:51:19
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Әлемнің ең бай адамдары қаржы нарығының төмендеуіне байланысты бір күнде жүзден аса миллиард доллардан айырылып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап.
 
Мәліметтерге сүйенетін болсақ 500 ең ірі бизнестің байлары шамамен 117 миллиард долларынан айырылған. Жекелеп қарайтын болсақ Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 3,5 миллиард доллар жоғалтқан, ал Louis Vuitton Moеt Hennessy компания тобының президенті Бернар Арно төрт миллиард доллар,  Facebook желісінің негізін салушы Марк Цукерберг 2,7 миллиард доллар жоғалтқан.
 
Нарықтың осылайша құлдырауын сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауданың шиеленісуімен байланыстырды.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір