07 Тамыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!
Тегін білімнің теріс тұстары көп
Дипломды, сапасыз мамандарды көбейткенше, қолынан іс келетін жастарды көбейту керек.
Блогер Аршат Ораз өзінің фейсбуктағы парақшасында жоғары білімді ақылы қылу керек деген бастама көтерді.
"Мемлекеттік грант көп, ал білім сапасы бар ма? Білім әрқашан люкс нәрсе болуы керек. Сонда оның құны, қадірі болады. Ал грантқа түсу әлі де жәй әлеуметтік статус ғана. Тегін білімнің теріс тұстары көп. Ең алдымен балаға және ата-анасына стресс. Сосын өз таңдауы емес, қайсысы қолжетімді соны таңдайды. Нәтижесінде ол бөлімде бала оқығысы келмеуі мүмкін. Егер ақылы білім болса, бала ынтасымен оқиды, оқытушылардың айлығы да жоғары болады, сапалы мамандар шыға бастайды, университет саны азайып, тек мықтылар қалады.
Жалпы қазіргі уақытта баланы бұрынғыдай ЖОО-ға түсуге міндеттемеу керек. Қазір нақты бір мамандықты игеруге бағыттау керек.
Дипломды, сапасыз мамандарды көбейткенше, қолынан іс келетін жастарды көбейту керек.
Сананың жаңаруын, рухани жаңғыру дегендерді осылай түсінемін" деп жазды блогер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір