Із-түссіз жоғалған 29 жастағы петропавлдық жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше күн бойы із-түссіз жоғалған Петропавл қаласының тұрғынын іздеу жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері тамыздың 7-сі күні таңертең Есіл өзеніндегі дамба маңынан іздеудегі 1990 жылы туған Сағындық Ерденұлы Салықовтың зорлықпен өлтіру белгілері байқалмайтын денесін анықтады.
Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді. 3 тамыздан бүгінгі күнге дейін оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болмады. Соңғы рет Хименко-Набережная көшелерінің қиылысында орналасқан сауда үйіндегі бейнебақылау камераларынан ер адамның Есіл өзені жаққа беттегені көрінеді.
Оқи отырыңыз: Жұмбақ жоғалу: Петропавлда 29 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті (видео)
Пікір қалдыру