• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:43:20
Алматы
+12°

07 Тамыз, 2019 NEWS

"Ағылшын тілін үйретіп жүр": Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді

Осыдан бес жыл бұрын ұсталған Қазақстан азаматы қазір Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы түзету мекемесінде қамауда отыр

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр.

"Көркем әдебиеттерді оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Түзету мекемесіндегі жағдайға қатысты шағымы жоқ", - делінген сыртқы істер министрлігінің ресми жауабында.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұрады екен. Бұған қоса, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып береді.

Министрліктің ақпаратынша, қазір Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі ҚХР Гуандун өлкесі Жоғарғы халық сотының қарауында. Оған қатысты тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір