• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:48:21
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2019 NEWS

Қосымша 5 мың білім гранты кімдерге беріледі?

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталған гранттар жергілікті атқарушы органдармен конкурстық негізде беріледі. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады.

Көрсетілген гранттарға көпбалалы отбасыдан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балалар үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау конкурстың негізгі шарты болып табылады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады.

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сондай-ақ, балалардың көпбалалы отбасынан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір