• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:25:09
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2019 NEWS

Бір көлік, екі номер. Ішкі істер министрінің заңға түкіргені бар ма?

Көліктің алдыңғы жағының мемлекеттік номері 025 AW 01-де, артқы жағынікі 046 KZ 01.

Жұмысына жұрт жиі шағымданып, басынан дау арылмаған Ішкі істер министрлігінде тағы да шу.

Бұл жолы ведомство басшысының өзі нысанаға ілінді. Бұны тегіс жерден сүріну деген жөн болар. Әйтпесе, тұрғындармен кездесуге келген министр Ерлан Тұрғұмбаевтың көлігінің мемлекеттік номерінің екі түрлі болуын қалай жоруға болады.

министр

Оқиға елордада орын алды. Nur otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауындағы кездесуден шыққан министр Lexus LX570 маркалы автокөлігіне отырған. Министр көлігінің алдыңғы жағының мемлекеттік номері 025 AW 01-де, арты жағынікі 046 KZ 01 екенін көпшілік осы кезде байқап қалды. Ведомстводағылар бұны министр 046 KZ 01 номерлі қызметтік көлікпен жүретінін, автокөлікті бұған дейінгі басшының пайдаланғанын айтты. Үндемей қалудан гөрі бірдеңе деп айту керек болды да. Әйтпесе, бұл келеңсіздікті не деп түсіндірсін?!

Аталған жайт бүгінгі жиында министр мәлімдеген маңызды мәселелердің бәрін кейінгі планға тықсырып, сыннан арылмай жүрген ведомство мен оның басшысын ұятқа қалдырды. Ұят, әрине мәселенің моральдық жағы ғана. Шын мәнінде бұл көпе-көрнеу заңсыздық. Заңның бұзылмауын қадағалайтын орган басшысының өзінің заңды аяқасты етуі. Онсыз да беделі белден келіп тұрған министрліктің абыройын аймандай қылуы. Ертең екі түрлі номер таққан азаматтарды тоқтатқанда жүргізуші осы оқиғаны еске салса, қарапайым полиция қызметкері қарадан қарап басшысы үшін жерге кіретін болар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір