• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:14:34
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2019 Әлем

Атамбаевты тұтқындау кезінде 15-ке жуық адам жарақат алды. Атыс әлі жалғасып жатыр (видео)

Жараланғандардың арасында 24.kg сайтының тілшісі Аида Жумашева да бар. Оның аяғына резеңке оқ тиген. Елдің денсаулық министрлігі Кой-Ташқа 8 жедел жәрдем бригадасы жіберілгенін мәлімдеді.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын арнайы жасақ күштері жүргізіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Комитет арнайы жасақ тек резеңке оқтармен қаруланғанын, операция жалғасып жатқанын мәлімдеді.

7 шілде Бішкек уақыты бойынша кешкі сегіз шамасында Кой-Таштағы Атамбаев үйіне арнайы жасақ келгені белгілі болды. Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеев әлеуметтік желіде тікелей трансляция таратты. Видеода Атамбаев үйінің маңында маска және арнайы жасақтың формасын киген қарулы адамдар көрінді. Видеодан мылтықтың дауысы да естілді.

Азаттықтың Қырғыз қызметі кем дегенде 15 адамның жараланғанын, біразын ауруханаға алып кеткенін хабарлады. Жараланғандардың арасында 24.kg сайтының тілшісі Аида Жумашева да бар. Оның аяғына резеңке оқ тиген. Елдің денсаулық министрлігі Кой-Ташқа 8 жедел жәрдем бригадасы жіберілгенін мәлімдеді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшілері Кой-Таш аймағында ұялы байланыс нашарлағанын, ауылға кіреберісте полицейлер тұрғанын хабарлады. Атамбаевтың жақтастары Кой-Ташқа кірер жолдағы ағаштарды құлата бастағаны да айтылды.

Дәл қазіргі оқиға қалай болып жатыр?

♦Оқи отырыңыз: Атамбаевтың айналасындағы дау-дамай қалай болып жатыр?(видео)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір