• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 04:48:21
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

06 Тамыз, 2019 Аймақтар

Атырауда мұнай тасымалдаушылардың халықаралық байқауы басталды​

Халықаралық байқаудың ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шараның маңызын атап өтті

Атырауда мұнай тасымалдаушылардың халықаралық байқауы басталды​

2019 жылғы 5 тамыздаАтырауда мұнай тасымалдаушылар арасындағы «Үздік маман-2019» халықаралық байқауының ашылуы болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.​ ​

Екі күндік жарыс «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай айдау стансаларының базасында өтеді.

Байқауға қазақстандық «ҚазТрансОйл», ресейлік «Транснефть», Белоруссиядан «Гомельтранснефть Дружба», Украинадан «Укртранснафта», Словакиядан «Транспетрол», венгерлік MOL и қытайлық CNPC компанияларынан 44 маман қатысады. Бұлар – мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының (МАТН) мүшелері.

Халықаралық байқаудың ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шараның маңызын атап өтті.​ ​

- Атырау облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 50% біздің облыстың үлесіне тиеді. Теңіз, Қашаған сияқты әлемдегі алып кен орындары осында орналасқан,- деді Н.Ноғаев.- Мұнайшы мамандығы көптеген мамандықтарды біріктіреді. Мұнайды іздеп, тауып, өңдеу, тасымалдау – осы кезеңдердің барлығында түрлі мамандық иелерінің маңызы зор. Олардың қызметі бір – бірінен ажырамас байланыста.

Өңір басшысы атап өткендей, бұндай жарыстар қатысушыларға тек кәсіби шеберлігін, білімін көрсетіп қана қоймай, қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар жарыс өтіп жатқан елдің тарихымен, салт-дәстүрімен танысады.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың айтуынша, кәсіби жарыстардың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

- Байқау мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясына кіретін елдердің кәсіби тұрғыдан бірігіп, озық тәжірибе-біліммен алмасуына ықпал етеді. Қатысушылардың құрамы жыл сайын жасарып келеді. Бұл мұнай тасымалдау саласындағы жас мамандардың тәжірибесі молайып, біліктілігі артып келе жатыр деген сөз. Биылғы байқау Қазақстанның мұнайының 120 – жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр,-деді С.Арынов.​ ​ ​

Байқау 8 номинация бойынша өтеді: «Үздік желілік құбыр тартушы», «Үздік электргаздәнекерлеуші»,​«Үздік химия анализінің лаборанты»,​ «Үздік тауарлық оператор», «Технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша үздік слесарь», «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша үздік слесарь», «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша үздік электрмонтері», «Мұнай айдау стансасыың үздік операторы».

Шара аясында болашақ мұнай тасымалдаушыларға арналған «Достық» («Дружба») футурологиялық капсуласы салынды, ол капсула әріптес компаниялардың құбыр жүйесі арқылы жүреді – Қазақстаннан Ресейге, әрі қарай Украинаға, Белоруссияға, Словакияға, Венгрияға, Чехияға.​

Халықаралық жарыстардың қатысушылары мен қонақтарының назарына «Қазақстан – әлемдегі 9-шы территория» («Казахстан – 9 территория мира») интерактивті шоу ұсынылды. Айта кетейік, бұндай көрініс ТМД елдерінде тұңғыш рет көрсетілген екен.​ ​ ​ ​ ​ ​

Визуалды және дыбыстық қолдаудың ең озық техноогиялары қолданылған осы шоу кезінде Қазақстанның тарихы, қазақ халқының өнері мен мәдениеті туралы мәлметтер өте тартымды қылып берілді. Соның ішінде, Атыраудағы жаяу жүргінші көпірінің салынуы, атақты Медеу мұз айдынының тұрғызылуы, Байқоңырдан зымыранның ұшуы сияқты қызықты оқиғалар, «Байтерек», Бекет атаның мешіті, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі сияқты қасиетті символдар көрініс тапты.

Бұны көргендер Қазақстан – өзінің тарих-дәстүрін қастерлейтін, балашаққа ұмтылған өркениетті ел деген ұғым алғаны анық.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір