• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 10:34:22
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

08 Тамыз, 2019 NEWS

"Екі күннің ішінде тауып беріңдер": Тұрғымбаев университет деканын тұтқындауды тапсырды

Департамент басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Үдергеновтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қашқын деканды екі күннің ішінде тауып беруге тапсырма берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Nur Otan партиясында өткен қоғамдық қабылдау кезінде астаналық Гүлзина Мұсаева арызданды. Ол министрдің алдына келіп жайғасқанда, Тұрғымбаев қолындағы қағаздарына қарап отырып: "Ақтаев бойынша ма? Сонда мына ақшаны карточкамен төледіңіз бе?", - деп сұрады. "Иә, карточкаға, университетке емес, өз атына төлеп отырдық", - деді Мұсаева.

Министр оның арызын біраз оқыды да, алдымен өз орынбасарынан, содан кейін бейнебайланыс арқылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшылығынан Ақтаевтың неге ұсталмай жатқанын сұрады.

"Мұсаеваның арызы бойынша неге шара қабылдамайсыздар? Университеттің білдей факультет деканы ақшаны алып, тығылып жүр. Оны қалай ұстай алмай жүрсіздер? Осыны түсінбей отырмын", - деді Тұрғымбаев.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Үдергеновтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Деканның мекенжайы бойынша тексергенде үйінде жоқ болып шығыпты. Ал ұялы телефоны Алматы облысында жүргенін көрсетіп тұр екен. Министр алаяқ деканды екі күн ішінде құрықтауды тапсырды.

"Екі күннің ішінде маған оны тауып беріңдер. Сіздерде барлық техникалық мүмкіндік бар. Ол құжатсыз жүрген киллер емес қой. Азаматтық тұлға, бұрын сотталмаған. Ресми жұмыс істейді. Ондай адамды табу қиын емес. Екі күн беремін. Табыңдар да, ақшаны кімге және қалай аударғанын анықтаңдар. Ол ақшаны иемденіп кетсе, алаяқтық бойынша іс қозғаңдар да, жазаға тартыңдар", - деп Тұрғымбаев сөзін түйіндеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір