• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:39:13
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2019 Әлем

Атамбаев: Мен атысатынымды ескерткенмін

Алмазбек Атамбаев өзінің жақтастарымен бірге сағат 16:30 -да  "Медиа форум" ғимаратына баруды жоспарлап отыр.

Қырғызстанның экс-президенті бүгін сағат 11-де үйінің алдына жиылып тұрған халыққа шығып, мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kg.akipress.org сайтына сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев өзінің жақтастарымен бірге сағат 16:30 -да  "Медиа форум" ғимаратына баруды жоспарлап отыр.

"Адамдардың жартысы  "Медиа форум" жаққа, ал екіншісі "Ақ үй" жаққа барғысы келіп отыр. Бірақ біз алдымен "Форумға", ал егер қажет болып жатса "Ақ үйге" де барамыз.",- дейді Атамбаев.

Сонымен қатар Атамбаев тұтқында ұстап отырған арнайы жасақ қызметкерлерін жіберетінін де айтты. Экс-президент өзінің үйіне оны қамау үшін келгендерге қарсы оқ жаудыратынын алдын-ала ескерткен болатын.

"Мен бірнеше ай бұрын атысатынымды айтқан едім. Бұл жердеқару тек менде ғана бар. Мен үшінші қабатта отырдым. Қарапайым халықтың қолында "рогатка" да болған жоқ. Теледидарда "халықтың қолында қару бар" деп өтірік айтып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір