• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:59:35
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2019 Әлеумет

Пәтер жалдау қанша тұрады?

Жаздың соңғы айында пәтердің жалдау ақысы шарықтайтыны жыл сайынғы жағдай.

Міне, жайдарлы жаз да соңына тақап қалды. Енді аз уақыттан соң жаңа оқу жылы басталып, сырттан келетін студенттердің баспанаға деген сұранысы артады. Сұранысқа сай баға да аспандап кететіні бар, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Nv.kz сайты әдетте  үйдің жалдау ақысы онда тұратын адам санына тікелей байланысты деп жазады. Артығымен айтқанда ремонты орташа пәтерлердің бағасы Алматыда бір адамға айына 50 мың теңгеге дейін шығады. Екі адам 65-70 мың теңгеге жақсы пәтер жалдай алады. Толықтай жиһаздалған бір бөлмелі пәтерлер 90 мыңнан басталады. Орташа жағдайдағы екі бөлмелі пәтерлер 80 мыңға табылса, қажетті жиһаздың барлығымен жарақтандырылғаны 150 мың теңге шамасында. Үш бөлмелілерді 170 мың теңгеге жалдауға болады.

Бұл цифрлар көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты. Ал қала маңында бір, екі бөлмелі "времянкаларда" тұратындардың қатары да аз еместігін ұмытпаған жөн. Тіпті олардың саны көптеу болса таңғаларлық ештеңесі жоқ. Ондай «үйлерде» жалдау ақысы арзан. Шамамен айына бір бөлме үшін 25 мың теңгеден басталады. Онда бірнеше адам тұруы мүмкін. Сәйкесінше жағдайы да мәз емес. Біріншіден қала орталығынан қашық. Ремонты нашар. Кейбірі сапасыз салынғандықтан көк сасиды. Одан кейін тұрмыстық техника, ванна, душ сияқты қажеттіліктер ілуде біреуінде болмаса, көбінде жоқ. Себеп, ондай аудандардың дені орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған. Қалтаның көтеретіні сол болғандықтан ондай пәтерлерді ауылдың қарапайым қазағы қорығыш келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір