• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:40:06
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2019 NEWS

Кімдерге кредит берілмейді?

Тамыздың соңына дейін әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тұрғындардың 300 мың теңге көлеміндегі кредиттері кешіріледі.

ҚР Ұлттық банкі Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаевтың айтуынша, айыппұлдар мен өсімақылар 30 млрд теңгеден асады. Ұлттық банк олардың 30% жапса, қалғаны екінші деңгейлі банктер есебінен кешірілген.

Бұған дейін 5 млн қазақстандықтың 58,4 млрд теңге айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілетіні туралы хабарланған.

Ұлттық банк 90 күннен асып кеткен кепілсіз қарыздарға айыппұл, өсімақы салуға заң жүзінде тыйым салуды жоспарлап отыр. Тамыздың соңына дейін әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тұрғындардың 300 мың теңге көлеміндегі кредиттері кешіріледі. Қазір несие беру талаптарына өзгерістер дайындалып жатқаны белгілі болды. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, несие бойынша төлемі табысының 50 пайызынан асатын азаматтарға несие берілмейді.

Дереккөз: informburo.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кредит

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір