• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:17:56
Алматы
+12°

08 Тамыз, 2019 Алматы

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев пен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың басым мәселелері, сөзсіз, ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру және арттыру, Басқарманың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары базасында университеттің клиникалық кафедраларының профессор-оқытушылары құрамының практикалық көмегін жүзеге асыру, Университет түлектерін медициналық ұйымдарда жұмысқа орналастыру мәселелерін басым түрде шешу, ғылыми семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді дайындауға және өткізуге бірлесіп қатысу болып табылады.

«Бүгінгі таңда медициналық кадрлардың тапшылығы өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта 300-ден астам дәрігер жетіспейді. Келесі мамандықтар – педиатрлар, учаскелік терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, сәулелік диагностика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық фармацевттер, офтальмологтар, реабилитолог-дәрігерлер, онкологтар, психиатрлар, акушер-гинекологтар және басқалар бойынша кадр тапшылығы жоғары. Меморандумға қол қоюмен бұл сан айтарлықтай төмендейді деп үміттенеміз!» - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Тұтастай алғанда, ағымдағы жылдың жартыжылдығында медицина қызметкерлерінің келуінің оң үрдісі байқалады. Осы кезеңде 817 дәрігер, мыңнан астам орта медицина қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу бойынша медициналық мекемелердің басшылары Бос орындар жәрмеңкесіне тұрақты түрде қатысуда.

Осы жылы Алматы қаласына медициналық жоғары оқу орындарының 308 түлегі және медициналық колледждің 200 түлегі бөлінді.

 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз-хатшысы Набира Эсенова

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір