• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:26:13
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2019 Спорт

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Боксшы кезекті кездесуіне дайындықты бастап кеткен.

"Qazaq" лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға күзде оралуды көздеп отыр.

Боксшы Qazaq Promotions YouTube арнасында жарияланған видеода президент қабылдауында болып, мемлекеттік қолдауды сезіну үлкен шабыт бергенін айтты. Былғары қолғап шебері келесі кездесуіне әзірлікті он күн бұрын бастап кеткен. Жекпе-жек 26 қазанға жоспарлануда.

Жерлесіміздің арманы – Алматыны әлемдік деңгейде шаршы алаң шеберлері сынға түсетін үлкен орынға айналдыру.

Боксшы бос уақытында отбасының жанында уақытын өткізгенді ұнатады екен. Бес баланың әкесі ұрпақ тәрбиесіне аса мән беру керек деген ойда.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бокс қанат ислам

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір