• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 22:30:52
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

08 Тамыз, 2019 Әлеумет

"Бұлар бізді қатты алдап соқты". Арыстық ағайынның жанайқайы!

О баста салынатын үй көлемі 20 шаршы метр болуы тиіс еді.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің фейсбуктағы парақшасында атына келіп түскен арыстық тұрғынның хатын жария етті. Онда Арыстағы жарылыстардан бүлінген үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі бассыздықтар туралы жазылған, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ассалаумағалейкум, Мұхтар аға!

Менің есімім – Садық Ырысбек. Арыс қаласының тұрғынымын. Дулатов 69-үйде тұрамыз. Көпбалалы отбасымыз. Үйде жалғыз өзім жұмыс істеймін (жұмыспен қамту орталығында). Анам қоғамдық жұмыста (қоғамдық жұмыс бойынша еден жуады). Біздің үй сносқа кетті. Үйді техпаспорт бойынша соғатын болған".

Садық Ырысбектің айтуынша, о баста салынатын үй көлемі 20 шаршы метр болуы тиіс еді.

Арыс

"Біз келісім беріп, үйді бұздық өз күшімізбен. Енді соғушылар келіп үйді 10 квадрат етіп соғамыз деп жатыр. Үйде 7 адамбыз. Жоғарыда айтқанымдай, тек өзім ғана жұмыс істеймін. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайымыз төмен санатқа жатамыз. Бұлар бізді қатты алдап соқты. Өтініш, бір шара қылсаңыз екен. Баратын жердің бәріне бардық, бәрі дөрекі шығарып салды. Ешкім құлақ асқысы келмейді. Білмеймізден басқа сөздері жоқ. Нөмірім 87711498169.

P.S. Барлық құжаттар бар. Алдыңғы соғып береміз деген пландарымен бірге" – деп жазады Арыс қаласының тұрғыны шарасыздықтан.

Мұхтар Тайжан бұндай жағдайдағы адамдар көп дейді. Сонда құрылысқа жауапты адамдар көзбояушылықпен айналысып отыр ма? Уәдені үйіп төккен әкімдік қайда қарап отыр?! Бастарына ауыр нәубет түсіп, әбден қиналған жұртты бұлай қинай түсуге жол берілмеуі тиіс. Мәселенің мән-жайы анықталып, дереу оңды шешілуі керек!

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір