• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:01:49
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2019 NEWS

 

Jah Khalib өзінің Алматы шаһарын қатты жақсы көретіні туралы айтты. Оның айтуынша, «алматылық» деген сөздің өзі әдемі естіледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қалада аллеялар мен саябақтар көп. Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы. Алматы – ең үлкен әрі ТМД көлемінде танымал шаһар. «Қазақстан» дегенді естігендердің бәрі «Алматыны» еске салады. Өз уақытында бұл қалада Қазақстанның бүкіл интеллигенциясы жиылған», - дейді Jah Khalib.

Әншінің айтуынша, Алматы – шығармашылық адамдары үшін ең тамаша қала.

«Бір жағынан Алматы советтік кезеңнің тарихы, ескі қала. Бір жағынан қазір Алматыда заманауи құрылыстар көп, өркендеп келеді», - дейді әнші.

Оңтүстік астана Jah Khalib үшін фонтандарымен, қыдырған уақыттарымен, аллеяларымен, алғашқы махаббатымен және Батырхан Шүкеновтің шығармашылығымен ыстық.

«Батырхан Шүкенов өзінің ең үздік туындыларын Алматыда жазған. Осы кісі менің шығармашылыққа бет бұруыма ықпал етті. Оның өмірден ерте өткені өкінішті», - дейді Jah Khalib.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір