• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:17:31
Алматы
+35°

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевпен кездесті Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге дипломаттың серіктестері, ауылдастары шақырылды.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында туып- өскен Қайрат Исағалиев Алматыдағы шет тілдері институтын француз тілі мамандығы бойынша аяқтап, бірнеше жыл Алжирде аудармашы қызметін атқарды. Бұдан соң шет елдермен достық және мәдени байланыстың Қазақ қоғамында, Қазақстан Компартиясы ОҚ-нің халықаралық байланыстар бөлімінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс жасады, қазақстандық шетелдік туризм саласын басқарды. Қазақстандық дипломатияның қалыптасу кезеңінде Қайрат Исағалиев ЮНЕСКО-мен байланыс комиссиясында белсенді қызмет етіп, осы құрылымның қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Сол жылдары Қ.Исағалиев ҚР СІМ-нің мәдени және гуманитарлық қарым-қатынас басқармасының басшысы болған еді.

а

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев дипломатиялық қызметтің үлкен жауапкершілігі мен жоғары мәртебесін атап өтті. Бөгде жұрт дипломаттарға қарап, оның елі туралы, мемлекеттің білім және мәдени деңгейі, экономикалық және геосаяси әлеуеті туралы ой түйеді.
Дипломатиялық қызметтің ардагері Қайрат Исағалиевтің ұлы Арман да кездесуге қатысты. Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет Басшысының Жарлығымен ол Қазақстанның Египет Араб республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір