• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:57:11
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2019 Атырау облысы

Нұрлан Ноғаев: Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда

Аймақ басшысы ұсыныстарды, сондай-ақ, осы мәселелерді шешуге қатысты проблемаларды тыңдады

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев көп балалы аналармен, мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасылармен кездесті.
Жиналысқа қатысушыларды толғандырған негізгі проблемалар тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу, мемлекеттік қордан тұрғын үй беруді жеделдету.

Аймақ басшысы ұсыныстарды, сондай-ақ, осы мәселелерді шешуге қатысты проблемаларды тыңдады. Ол барлық мәселелер конструктивті түрде және заң аясында шешілуі керек екенін атап өтті.

-Telegram қосымшасындағы «Атырау облысының әкімдігі» чат каналында облыс тұрғындары көптеген сұрақтар қояды. Шағым, ұсыныстар көп. Біз бәрін тыңдауға дайынбыз, бірақ олар заң аясында шешілуі керек, - деді Нұрлан Ноғаев.
Аймақ басшысының айтуынша, өңірде 12 мыңнан астам көп балалы ана, 21 мыңнан астам мүгедек және т.б. бар. Әрқайсысы оның проблемалары бірінші кезекте шешілгенін қалайды.

а

-Тамыздың басында Елбасы Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорына дарынды жастар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған жобаларды іске қосуды тапсырды. Мемлекет басшысы өз кезегінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Жұмыс көп, біз барлық міндеттерді конструктивті түрде шешудеміз, - деді облыс әкімі.
Қалалық бөлімдер мен облыстық басқарма басшылары көп балалы аналардың сұрақтарына жауап берді. Олар АӘК тағайындаудағы кедергілер, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екендігі және аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуда қандай көмек көрсетуге болатындығы туралы баяндады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір