• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:54:58
Алматы
+35°

04 Тамыз, 2019 Маңғыстау облысы

Донор болу - ізгі іс

Әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж.

Статистикаға сүйенсек, соңғы бес айда облыста 2347 адам донор болған. Осылайша қан ауруы мен онкологиялық дертке шалдыққандардың өмірін арашалап қалған. Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, қан беру физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай екен.
Ақтаулық Михаил Виноградов - 35 жыл қатарынан қан тапсырып келеді. Осы уақыта дейін 129 рет донор болған. Оның ішінде 49 рет ауыр дертке шалдыққан адамдардың өмірін ажалдан арашалап қалған. Бүгінде ол Маңғыстаудың "құрметті доноры". Ақ халаттылар бұл еңбегін бағалап, арнайы төсбелгімен де марапаттаған.
-Мен донор болғанымды мақтан тұтамын. Осы арқылы бір адамның өмірін құтқарсам соған ризамын. Бұрын анам қан тапсыратын, қазір өзім және балам қан тапсырады. Ең бастысы алкогольді сусын ішпей, салауатты өмір салтын сақтау керек. Денсаулықтан асқан байлық жоқ, дейді Михаил Виноградов.
Кез-келген донор ең алдымен медициналық сараптамадан өтеді. Содан соң, барып қана оны қан алу пунктіне жібереді. Жалпы, адамның бойына, салмағына және гемоглабиніне байланысты 350-450 мл қан алынады екен.
-Біздің тізімде 4000-нан аса донор бар. Бұлар ерікті түрде қан тапсырады. Олардың арасында тұрақты донорларымыз да бар. Олар жылына 2-3 рет қан тапсырады. Облыстың 14 медициналық ұйымын қанмен қамтамасыз етіп отырмыз. Көбіне сирек кездесетін қан топтарын сұраныс көп. Мәселен, 4-ші қан тобы бізде тапшы. Сондай-ақ, бізде ақылы донорлық қызмет те бар. Жалпы, адамдардың 97 пайызы тегін тапсырады қанын. Көбісі донор болудың пайдасын сұрайды. Бұл адамға зиян келтірмейді және қолайсыздықты тудырмайды, қан көлемінің орны тез толып, шара қан жасаушы процестерді ынталандырады және белсендетеді, ал бұл болса адамға өз пайдасын тигізеді. Қан құрамы жаңарады. Қан донорлығы онкологиялық ауруларға шалдығудың қауіп-қатерін де төмендетіп, адам өмірін 5-7 жылға ұзартады, дейді Маңғыстау облыстық қан орталығының директоры Рафаэль Сарсамалиев.
Донор болған адамға жеңілдік те бар. Мәселен, 10-нан аса дерттің алдын-алу үшін тегін тексерілуден өтеді.
-Маңғыстауда қан тапсырған азаматтар, яғни донорлар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде тегін анализдерден өте алады. Мысалы, ВИЧ-ке, гепатит Б,С немесе сифилиске тапсырған кезде. Қан тобын анықтаған кезде тегін анықтай алады, дейді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МОФ бөлім басшысы Айгүл Дәден.
Дәрігерлердің айтуынша, бір рет қан тапсырған донор үш адамның өмірін құтқарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір