• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:02:03
Алматы
+35°

12 Тамыз, 2019 NEWS

Доллар 387 теңгеден әрі өссе, қандай жайттарға алаңдау керек?!

Қазір көк қағаздың құнының болашақта қанша болатыны жұртшылықты қатты қызықтырып отырған кезең.

Өткен аптада тіпті айырбастау пункттерінде бір доллардың құны 390 теңгені маңайлады. Ұлттық банк «жаз мезгілінде долларға сұраныс артып тұрғандықтан бұл уақытша құбылыс, алдағы уақытта доллардың бағамы 384 теңгеден аса қоймай қоймайды» дегенмен доллардың болашағы жайлы долбар көп.

Отандық сарапшыларымыздың бір қатары «күзге қарай бір доллардың құны 420 теңге болуы  мүмкін десе, енді бірі долларды қымбаттатуға негіз жоқ» деп отыр. Қалай десек те, қымбат доллардың ел экономикасына әсіресе ішкі экономикаға артар ауырпалығы бары анық.  Бұл ретте бізге пікір білдірген сарапшы Тоғжан Шаяхметова «қымбат доллар алдыме нелдегі жұмыссыздықты белең алдырады» деп отыр. Тізбелеп көрсек, маманның пайымынша, алдағы уақытта доллардың құны 387 теңгеден әрі өсе беретін болса мынадай жайттарға алаңдауға негіз бар:  

А) Бір ғана Алматы қаласы халқының тұтыну шығыны доллар өскелі 9,5 есеге өскен. Мәселен, қалада қазір азық-түлік бағасы әр апта сайын қымбаттап отыр. Өткен аптада сүттің бағасы 230 теңге болса, қазір 240 теңге болып тұр. Сол тәрізді бір литр күнбағыс майының бағасы да 357 теңге болса қазір 385  теңге болған. Жалпы, саралап көрсе, доллар өскен сайын міндетті түрде отандық тауардың да бағасы қымбаттап отырады. Шаштараз қызметінен бастап өзге де тұтыну қызметтері қымбаттап жатыр. Мұны жасыруға болмайды. Ал мұның артында ішкі экономиканы тығырыққа тірейтін факторлар бар.

Ә) Ішкі экономиканы тығырыққа тірейтін факторлар деп нені айтуға болады? Мәселен, қазірдің өзінде шағын және орта бизнес өкілдері қиналып отыр. Оған себеп, қымбат дорллар екенін олар жасырмайды. Доллар қымбаттады делік, елдегі отандық өнім өндіруші кәсіпорын өнім өндіруші техниканы, қажетті құралды шетелден сатып алады. Қарапайым ғана мысал, өткен айда шаштаразға қажетті құрал-жабдықтарды доллар 383-384 теңгеден болғанда сатып алғандар, қазір сол құрал жабдықтарды доллар 387-389 теңге болып тұрғанда қайта алуы керек. Айырмашылық бар ма, бар. Ал енді шағын бизнес өкілдері мұндайда не істейді. Әрине, мұндайда өз шығынын жабу үшін тауар бағасын өсіреді, жұмысшылар санын қысқартады. Өз басым бір жұмысшыға үш адамның істейтін жұмысын артып, оған бір адамның жалақысын ғана төлеп отырған талай компанияларды білемін. Сондықтан бұл арада қымбат доллардың жұмыссыздыққа жол беретінін де ұмытпауымыз керек.

Б) Қазірдің өзінде экспорт, импорт ара-қатынасында қиыншылықтар бары рас. Доллардың қымбаттауы экспорттан түсетін табысты арттырады деп отырмыз ғой. Бірақ бұл арада бізге келетін импорт тасқыны көп екенін неге ұмытамыз?! Біз экспортқа мұнайды шығарамыз. Бірақ қазір әлемдік нарықта мұнай арзандап кетті. Қымбат мұнай келмекске кеткен. Бұдан соң біз экспортқа ұнды шығарамыз. Түрлі –түсті металдарды шығарамыз. Бірақ қазір сол экспорттың бағасы арзан болғандықтан одан түсетін түсім қомақты емес. Ал ішкі нарыққа енетін импорт көп. Мысалы, Алматыны алайық, қала  өзін –өзі толықтай азық-түлікпен қамтуға әлі жеткен жоқ. Мегаполюстегі өнім өндіретін кәсіпорындар бар, қаланың маңындағы аудандардан келетін азық-түлік өнімдері бар осы екі тарап қосылып қаланы 60 пайыз отандық өніммен қамти алады. Ал қалған 40 пайыз  өнім сырттан әкелінді. Қазір импорт өнімді елге әкелгенде төленетін кедендік баж салығы, кедендік әкетілім салығы, кеден аумағында тауарды әкелу кезінде қосылатын құн салығы, кеден аумағына тауарды әкелу кезінде тауарды акциздеу барлығына төлемақы алынданы. Осының барлығының шығынын импорт тасымалдаушылар өнімнің бағасынан шығарып алғысы келеді. Осыдан барып, Қытайдан 80 тенгеге алынған ананас Қазақстанға келгенде 800 теңге болып шыға келеді. Доллар өскен сайын қымбатшылық бола беретінінің бір себебі осы.

Г) Ал мұндайда бізді құтқаруы тиіс отандық өнім еді. Бұл арада да отандық бизнес қымбат доллардың шырмауынан шыға алмай отыр. Бұл арада бірінші кезекте отындық кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы қымбат. Екінші, кәсіпорындарға тариф бағасы да оңай тиіп отырған жоқ. Үшіншіден, арадағы делдалдар тауар бағасының қымбаттауына тікелей ықпал етіп отыр. Делдалдарға бақылау аз. Қазір Алматының супермаркеттерінде 10 жұмыртқаның бағасы 380 теңге. Ал 10 жұмыртқаның құс фабрикаларынан шығатын негізгі бағасы 180 теңге. Арада делдалдар жақсы пайда тауып отыр. Делдалдар доллар қымбаттамай тұрып алынған зат болса да, доллардың өскенін желеу етіп азық-түлік, киім-кешекті өсіре қояды. Үкімет оларға қарсы әрекеттер жасау керек. Ол үшін өнім зауыттан шыққан өз бағасына ғана сатылатын арнайы әлеуметтік азық-түлік сататын дүкендер желісін көптеп ашсақ болғаны. Бұдан арадағы делдалдар азайады. Отандық зауыт-фабрикалардың өнімі нарыққа тікелей делдалдарсыз арзанға сатылады. Бұл халыққа да, кәсіпорынға да тиімді болар еді. Қарапайым халықты ойласа, Үкімет осы мәселені шешуі керек. 

Д) Қымбатшылықтың орын алуының тағы бір тетігі тарифтің өсуі. Суық судың бір текшеметрі бұған дейін 71,6 теңге болса, бұл төлем биылғы жылы 77,6 теңгеге өскен. Сол тәрізді ыстық судың бір текшемтрі де 221,7 теңгеге өскен. Қазір Алматы  кәсіпорындарының коммуналдық төлем алдындағы қарызы 3 млрд теңгеден астам. Сондықтан бұл арада тариф мәселесі салық мәселесі де отандық кәсіпорындардың жұмысына кері ықпал етіп отыр.

Міне, қымбат доллардың алдымен осы жайттарға әсер ететінін алға тартқан сарапшы Тоғжан Шаяхметова «егер экономикамыз демікпесін десек, алдымен осы жайттарға назар аударғанымыз жөн» деді. Маманның айтуынша, біздегі мемлекеттік бағдарламалар ды, әлеуметтік-экономикалық ахуалды оңалту үшін алдымен осы жайттарды шешуге назар аударған абзал.

Қарлығаш Зарыққанқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір