• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:39:53
Алматы
+35°

12 Тамыз, 2019 NEWS

Ертісбаев қызметінен босатылды

Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі қызметін атқарған

Бүгін 12-тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі жұмыстан босатылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды",- делінген жарлықта.

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

1990—94 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

1994—98 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

1994—98 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006—08 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

2013 жылдың сәуір айында Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып, 2017 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі қызметін атқарды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір