• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:44:39
Алматы
+35°

12 Тамыз, 2019 Тағайындау

Асқар Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды

Асқар Асанұлы Бейсенбаев 1961 жылы 31 қаңтарда Түркістан облысында туған

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Асқар Асанұлы Бейсенбаев 1961 жылы 31 қаңтарда Түркістан облысында туған.

Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркесібі технологиялық институты Алматы филиалының технологиялық факультетін (1983) технолог-инженер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001)

1983 жылдан - Түлкібас консервілеу зауытында технолог-инженер.

1984 жылдан - «Ленин жолы» кеңшары консерві цехының бас технологы, 1986 жылдан - бастығы.

1988 жылдың ақпан айынан - Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық екінші хатшысы.

1988 жылдың қараша айынан - Түлкібас консерві зауытының бас инженері.

1992 жылдың ақпан айынан - «Алма-С» консерві зауыты» ШК директоры.

1992 жылдың қыркүйек айынан -Түлкібас нан өнімдері комбинатының директоры, 1994 жылдан - «Көктерек» АҚ президенті.

1998 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі. 2001 жылдан - 2-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2004 жылдан - 3-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 жылдан - 4-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2008 жылдың сәуір айынан бері - ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті өкілдігінің жетекшісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір