• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:25:18
+35°

12 Тамыз, 2019 NEWS

Баланы мектепке қай жастан бастап беру керек?

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6 жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жасар балаға арнап дайындалған.

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова баланы мектепке 6 немесе 7 жасынан бастап жіберу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Қаңтарда Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңға ағымдағы жылдан бастап 6 жасқа дейінгі балалар мектептерге қабылданады деген өзгерту енгізілді. Бұрын 6-дан 7-ге дейін деп жазылған болатын. Ата-аналар өздері білетін. Баласын 6 немесе 7 жаста мектепке беретін. Заңға түзетулер жылдың ортасында енгізілді, ата-аналар дайын болмады, балаларын дайындамады. Сондықтан,биылғы жылы олар таңдау құқығына ие: баланы беру-бермеу туралы шешімді өздері қабылдайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6 жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жасар балаға арнап дайындалған. Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз", – деді Гүлнәр Қожабергенова брифингте.

Алайда ол, ата-аналар балаларын мектепке 6 жастан жіберу керек деп атап өтті. Себебі, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу басталды. Білім басшысы 6 жасында баласын мектепке жібермеген ата-аналарға ешқандай шара қолданылмайтынын баса айтты.

"Ата-аналардың бала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне негіз жоқ. Бағдарлама 6 жасар балаға арналған", – деп түйіндеді білім басқармасының басшысы.

Алма Мұқанова

inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір