• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:18:12
Алматы
+35°

Қытайдың шығысына төніп келген алапат «Лекима» тайфуны елді біршама әбігерге салып жатыр. Табиғи апат салдарынан 44 адам қаза тауып, 16 адамнан ешқандай хабар болмай отыр, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі piter.tv-ға сілтеме жасап.

Тайфун Вэньлин қаласының шығыс жағалауына жеткен. Түнде желдің жылдамдығы секундына 50 метрге дейін үдеді.

Табиғи апаттан келген материалдық шығын 3,4 млрд долларға бағалануда. Қауіпті аймақтардан 1,2 млн адам басқа жаққа көшірілді.

Қазіргі сәтті тропикалық штормның эпицентрі құрлықтан алыстап, Бохай шығанағына қарай бағыт алған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір