• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:46:33
Алматы
+35°
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. 1990-1996 жылдары – "Егемен Қазақстан" газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 1996-2002 жылдары – "Жас алаш" газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары – "Ақ Жол Қазақстан" газетінің бас редакторы. 2005-2006 жылдары – "Егемен Қазақстан" газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары – "Астана хабары" газетінің бас редакторы. 2008 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейін саяси-қоғамдық "Айқын" газетінің бас редакторы.
 
Оның "Біз кімнен кембіз", "Қазақтың қызы", "Елес пен белес" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. "Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.
 
Асқар Шәкіров 1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді.
 
Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. Бірінші санаттағы Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангісі бар. 
 
1978 жылдан 1992 жылға дейін КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1992 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі. 1995 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл. 1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші. 1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1998 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2004 жылғы тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы. 2007 жылғы қыркүйектен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметтерін атқарған.

КСРО-ның ІІІ дәрежелі «За безупречную службу» медалімен, Қазақстан Республикасының «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін» медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенного содружества» медалімен, Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенного сотрудничества» медалімен марапатталған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір