• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:48:52
Алматы
+12°

13 Тамыз, 2019 NEWS

Жәйрем кентіндегі жағдай тұрақталды

Жігіттердің талабы – видео жүктеген шетелдік жұрт алдында кешірім сұрасын және Жәйремнен түрік фирмасы кетсін.

Дау Қарағанды облысы Жәйрем кентінде жаңадан салынып жатқан поллиметалл зауытының жасы егде тартып қалған шетелдік жұмысшының жергілікті қыздың жалаңаш суретін әлеуметтік желіде жариялауынан шыққан, – деп хабарлайды inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Оның бұл қылығына намыстанған жігіттер кен орнының шлагбаумын бұзып кіріп, оннан астам шетелдікті соққыға жығып, 6 шетелдікті өздерімен қоса әкеткен. Жергілікті жігіттер өз әрекеттерін "бұларды зауыт құрылысын салып жатқан фирма басшылығына айырбастаймыз" деп түсіндірген. Бір мәселенің артын қазбалап, шешімін таппаған көп мәселеге тап боламыз. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жерде екі жарым мыңдай адам жұмыс істейді. Жәйрем кентінің азаматтары шеттен кеп жұмыс істейтіндердің көптігін, өздерінің жұмыс таба алмай жүргендігін де айтып қалуда. Жәйрем кентіне облыс әкімі Ерлан Қошанов жедел жетпегенде, оқиға одан әрі ушыға берер ме еді кім білсін. Облыс басшысы жастардың талабын тыңдап, барлық талаптардың орындалуына күш салатынын айтқан. Жігіттердің талабы – видео жүктеген шетелдік жұрт алдында кешірім сұрасын және Жәйремнен түрік фирмасы кетсін. Қазіргі таңда кенттегі жағдай тұрақты. Жеңіл жарақат алған шетелдіктерге медициналық көмек көрсетілген" – деп жазады автор.

Айсұлтан Жақыпов

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір