• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:34:12
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

7 айдағы экономика өсімі 4,2%

Салалық министрліктерге жоспарланған көрсеткіштерге жету бойынша шараларды күшейту жүктелді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланды, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-Министр 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің негізгі басымдықтары – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту екенін атап өтті.

"ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бекітілген нақты шаралар жоспары біздің экономикамыздың одан әрі дамуына оң ықпалын тигізетін болады", деді А. Мамин.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 4,2% құрады. Оң өсім құрылыста 11,5%-ды, саудада 7,5%-ды, көлік саласында 5,4%-ды, өңдеу секторында, оның ішінде машин ажасауда 17,7%-ды, жеңіл өнеркәсіпте 14,3%-ды, түсті металдар алуда 17,2%-ды, мұнай өңдеуде 5,1%-ды құрады.

Сонымен қатар, салалық министрліктерге көмір, шикі мұнай өндіру, химия өнеркәсібі және қара металлургия саласындағы жоспарланған көрсеткіштерге жету бойынша шараларды күшейту жүктелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір