13 Тамыз, 2019 Ғылым-білім
1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар білім және ғылым министрлігінің сайтынан электронды оқулықтарды көшіріп ала алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Биылғы жылдың ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар министрлік сайтынан 1-10 сыныптардың электронды оқулықтарын көшіріп алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ата-аналар үшін жақсы жаңалық деп санаймыз", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Білім министрлігі оқулықтарды баспалардан мектептерге жеткізу жұмысына мониторинг жүргізіп, қадағалап отыр. Бүгінгі күні оқулықтардың 47%-і жеткізілген.
"1 қыркүйекке дейін әр мектепке барлық оқулық 100% жеткізілуі тиіс. Әкімдіктерден бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстауды сұраймын", - деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір