• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 07:43:28
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

03 Тамыз, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да #Birge #TazaQazaqstan акциясы аясында 70 су қоймасы тазартылды

Экологиялық челленджге ең көп жиналған Семей қаласының тұрғындары болды.

Шығыс Қазақстан облысында екінші мәрте #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында өңірдегі су қоймалары мен жақын маңдағы демалыс орындарынан бірнеше тонна қоқыс шығарылды. Бұл жолғы акцияға 30 мыңнан астам адам жиналды, –  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш экологиялық челленджге ең көп жиналған Семей қаласының тұрғындары болды. Осылайша акцияға 13 мың семейлік тұрғын қатысып, қала аумағын тазарту жұмыстарына белсене қатысты.

Екінші орынды 7350 адам жиналған Өскемен қаласының тұрғындары алды. Ал үшінші орында Алтай ауданы тұр. Бұл ауданда өткен аталмыш акцияға 2312 тұрғын қатысты.

ШҚО

Айта кетейік, өңірдегі 70 объектісі қоқыстан тазартылды. Оның ішінде Үлбі өзенінің жағалауы мен Ертіс, Шаған, Қарашоқы, Аягөз, Жанама, сондай-ақ Алайғыр, Балықтыкөл өзені мен Шалқар сынды басқа да жағалаулар бар.

Бүгін шығысқазақстандықтар 740 тонна немесе 2960 шаршы метрден астам қоқыс жинады. Акция ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін әр апта сайын ұйымдастырылып тұрады.

Облыс тұрғындары осы уақыт аралығында өңірдегі қоршаған ортаға тазарту жұмыстарын толық жүргізіп, экологиялық ахуалды жақсарта алатындарына сенімді.

Онколог дәрігер ретінде қоршаған ортаның тазалығы адамзаттың денсаулығына айтарлықтай пайдасын тигізетінін білеміз. Сондықтан біз бұл эстафетаны ерекше құлшыныспен қабылдап, оған әр апта сайын қатысатын боламыз. Меніңше, бұл Қазақстанның аумағын қоқыстан тазартып қана қоймай, адамдардың мәдениетін де көтереді, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары Арман Мұқажанов.

Естеріңізге сала кетейік, #Birge #TazaQazaqstan акциясы Шығыс Қазақстан облысында 27 шілде күні бастау алды. Бір күннің ішінде 800 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір