13 Тамыз, 2019 NEWS
Баландиннің көлігінен айна шешкен қылмыскерге үкім шықты
Денис Теннің өмірін жалмаған қылмыс түрімен қорықпай айналысқан қылмыскер қанша жылын түрмеде өткізеді?
Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 соты белгілі спортшы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлады деген айып тағылған Айдос Валиевке үкім кесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыскер енді төрт жылын түрмеде өткізбек. Сот материалына сенсек, қылмыскер бір жерде екі рет ұрлық жасаған-мыс.
Алғашында ол Lend Rover Discovery маркалы көлігінің айнасын жымқырып, жазадан құтылып кеткен. Жәбірленуші енді 300 мың теңге көлемінде өтемақы алады. Екінші рет қылмыскер Баландиннің көлігінен айна шешіп кетпек болған.
Спортшыға 465 мың теңге көлемінде өтемақы тағайындалды. Біршама уақыт бұрын олимпиада чемпионының көлігінен айна ұрланғаны туралы хабарланған. Дмитрий достарымен бірге кафеде түстеніпті. Тысқа шыққанда көлігінің айнасы қолды болғанын көріп, полицияға шағымданады. Көп ұзамай күдікті қолға түсті.
Айта кету керек, бұл қылмыс та Денис Тен қаза тапқан Құрманғазы – Абылай хан және Байсейітов көшелерінің шеңберінде орын алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір