• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 04:08:20
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

08 Тамыз, 2019 NEWS

Британдық  BBC телеарнасы Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы видео түсіруде

BBC арнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстанға келіп, мұндағы әсем табиғатты бейнероликке түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары 12 тамызға дейін жалғасын таппақ, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтар Өскемендегі  "Халифа Алтай" мешітінде, сондай-ақ Үлбі мен Ертістің қиылысар тұсы орналасқан "Стрелка" ықшам ауданында болды. Бұдан бөлек этнографиялық саябақты тамашалап қайтты.

Жоспарға сәйкес, түсірілім тобы Шығыс Қазақстандағы бірқатар аудандарға барып, видео түсіреді. Мәселен, олар Риддерде Батыс Алтай қорығы мен Линейный асуына ат басын тіреп, көркімен көз тартатын табиғатты бейнероликке түсіреді. Сонымен қатар Күршім ауданында орналасқан әйгілі Марқакөл мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын көзбен көріп қайтпақ. Бұдан бөлек Қиын керіш шатқалы мен Катонқарағай ауданындағы Мұзтау тауы мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, бейнероликтер түсіреді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір