• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Қыркүйек, 14:58:24
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

14 Тамыз, 2019 NEWS

Қарғалы өзеніндегі жағдай тұрақты

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінде сел жүру қаупіне байланысты халықты сабырға шақырып, даурығуға еш себеп жоқ екенін мәлім етті, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үстіміздегі жылғы 14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінің №1 бассейнінің ішкі арналарында 5 куб.м/сек мөлшермен су тасыды. Өзендегі су жағдайы 5 метрге төмендеді. ТЖД басшысы Серік Әубәкіров сағат 07.11-де өзені арнасындағы жағдай тұрақтағанын айтты. Дүрлігуге еш себеп жоқ.

Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімі, жол-патрульдік экипажы дауыс күшейткіш құралдармен тұрғындарға мән-жайлы түсіндіруге. Участокта көгілдір отын мен электрэнергиясы уақытша сөндірілген.

Жақын маңдағы елдімекендерге төнер қауіп жоқ. Десе де қалалық әкімдік эвакуциялау пунктттерін даярлауда. Олардың мекенжайлары төмендегідей:

  1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов. 
  2. Шәймерденов көшесіндегі №175 мектеп. 
  3. Жандосов-Яссауи қиылысындағы №158 мектеп.

Төтенже жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. ҚазАвиаСпас және Құтқару қызметінің борттары, Ұлттық гвардияның жеке құрамы толық даярлыққа қойылды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір