• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:18:25
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2019 NEWS

Үстіміздегі жылдың 20-23 тамыз аралығында Қазақстанның ұлттық (этникалық) театрларының V республикалық фестивалі өтеді. Қазылар алқасы ретінде Е.Жуасбек, М.Токарев, А.Еркебай, С.Қамиев сияқты танымал театр сыншылары мен әртістері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева өз тараптарынан фестивальға қатысуға дайындықтарын білдірді, – деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль бағдарламасы төрт күнге әзірленген. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 20 тамызда сағат 10:00-де І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтеді.

Одан кейін мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының труппасы ("Махаббат туралы Поэма" спектакль-эпосы) және Қостанай облыстық орыс драма театрының труппасы ("Ақ келіннің махаббаты мен өлімі" трагедиясы) үздік қойылымдарын ұсынады.

Екінші күні, 21 тамызда, көрермен алдында Шымкент қалалық Өзбек драма театрының ("Қасқыр ұлыған түн" драмасы) және І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері ("Ақ бас бүркіт" драмасы) өнер көрсетеді.

Ал үшінші күні, 22 тамызда, театр сахнасында мемлекеттік К. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұжымы өнер көрсетеді ("Апат" музыкалық пластикалық спектаклі).

Фестивальдің салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды он номинация бойынша марапаттау Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаевтың, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлованың, Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың қатысуымен 23 тамызда сағат 10:00-де Жастар сарайында өткізіледі.

Сонымен қатар, негізгі бағдарламадан тыс фестиваль қатысушылары үшін Қостанай қаласының көрікті жерлерін көрсетуге арналған мәдени бағдарлама қарастырылған.

Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Барлық көрермендерге фестивальға кіру тегін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: театр фестиваль

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір