• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:48:53
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2019 NEWS

Қарқаралыдағы Ұлттық саябақ өрт құшағында: Тажал ма, ТЖ ма? (видео)

Өрттің жалпы аумағы 700 гектарды құрайды. Табиғи құндылықтар тілсіз жаудың құрбанына айналды.

Қарқаралыдағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын өрттен арашалау үшін құтқарушылар екінші тәулік жұмыс жасап жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің жалпы аумағы бүгін 700 гектарды құрап отыр. Оның 180 гектары қалың орман.

«Құтқарушыларға көмек ретінде Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің қатарынан қосымша күш жөнелтілмек», - деп мәлімдеді ТЖД.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында төтенше жағдай режимі жарияланып, қажетті шаралар атқарылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір