• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:59:37
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2019 NEWS

Жарты ғасырлық тарихы бар жарыс

Дүбірлі дода биыл елуінші рет өткізіліп отыр.

Шығыс Қазақстанда еліміздің және шетелдің велоспортшылары сынға түскен "Қазақстан оқушысы – 2019" халықаралық велокөпкүндігі шымылдық түрді. Дүбірлі дода биыл елуінші рет өткізіліп отыр.

Тоғыз күнге созылатын спорттық іс-шараны облыс әкімдігінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.

– Олимпиада чемпионы Александр Винокуров спорттық мансабындағы алғашқы жүлдесін осы "Қазақстан оқушысы" жарысында еншіліген еді. Сол ағаларыңның жолын берсін. Сендердің араларыңнан да болашақ Олимпиада, Әлем чемпиондары шығады деп сенеміз, – деді жарыстың ашылу рәсімінде Білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілі Сағдат Садықов.

1970 жылы Алматыда бастауын алған "Қазақстан оқушысы" велобәйгесі жыл сайын өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында сайысқа жеті мыңға жуық спортшы қатысқан екен. Бұл жолғы велобәйгеге 130-ға жуық оқушы бақ сынауда. Олардың қатарында Ресей, Өзбекстан сияқты көршілес мемлекеттерден, алыстағы Монако Князьдігінен өкілдер бар.

Естеріңізге салайық, аталмыш жарыс 8-16 тамыз аралығында Глубокое, Ұлан аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының жолдарында өтуі тиіс. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері апта соңында белгілі болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір