• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:38:18
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2019 NEWS

Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір