• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 22:12:54
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

14 Тамыз, 2019 NEWS

Назарбаев пен Маржықпаев арасында қандай әңгіме болды?

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Ермек Маржықпаев Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің даму барысы және әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

а

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды. Бұдан бөлек, Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.

Әңгімелесу барысында әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарға көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобалар әзірлеп, соларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір