• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:59:14
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2019 NEWS

Өз анасын сабаған әйелдің жазасы қандай?

Ішімдікке үйір әйелді осы уақытқа дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Павлодар қаласының тұрғыны өз анасын сабағаны үшін 10 тәулікке қамалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласының полиция қызметкерлері жалпы тексеру барысында 36 жастағы әйелдің өз анасын сабағанын анықтады.

«Бұрынырақ азаматша қоғамдық орында алкоголь өнімін тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Аталған факт бойынша әйелдің үстінен 73-баптың 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Хаттама сотқа жіберілді. Әйел адам 10 тәулікке қамауға алынды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодарлық полицейлер жүргізген жедел-профилактикалық шара барысында осыған ұқсас 766 құқық бұзушылық әрекеттері тіркелген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір