• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:33:17
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2019 NEWS

Қазақстандық парашютшілер 21 елдің ішінде екінші орынды иеленді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашюттік дайындық Орталығының әскери қызметшілері «Десанттық взвод» Конкурсының «Дәлдікке секіру» дисциплинасында күміс жүлде иеленді.

Ресей Федерациясының Псков облысында өтіп жатқан «Десанттық взвод» конкурсының аса қиын кезеңдерінің бірі, десантшылардың дәлдікке жеке секіру сынағы болды. Секірулер "қанат" классификациясындағы басқарылатын сериялық парашюттік жүйелерімен жасалынды. Аталмыш кезеңде 21 елдің десантшы-парашютисттері тартысқа түсті.

Парашютпен дәлдікке секіру Ми-8 тікұшақтарынан 1200-1300 метр биіктіктен орындалды. Олардың секіру интервалдары үш секундті құрап, еркін қалықтау жағдайында да үш секундтан кем болмауы тиіс болатын. Ереже бойынша парашютисттер әскери киім үлгіде, қару-жарақпен және десантшылар шлемінде болуы тиісті. Жерге қону барысында диаметрі 10 метрді құрайтын қызыл шеңберге аяқтарын тигізуі қажет еді. Нәтижені есептеу шеңбердің ортасында орналасқан қызыл жастықшадан жүргізіліп отырды. Әр елден үш десантшы секіріп, олардың шеңбер ортасынан ауытқыған қашықтық мөлшері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Осы кезеңнің нәтижесінде Қазақстандық десантшылар екінші орынды иеленді. Олар Беларусь Республикасы десантшыларынан 50 сантиметрге ғана ұтылды, үшінші орынды Марокко елінің әскерилері иеленді. Қазақстандық десантшылар арасында үздік нәтижені майор Вячеслав Лопарев көрсетті. Ол шеңбердің дәл ортасына қонып, барлығын таң қалдырды.

Қазақстандық команданың нұсқаушы-парашютисті майор Азамат Абдірайымның айтуынша, қазақстандық парашютистер сайыстың осы кезеңіне 7 секциялық парашюттік жүйесімен дайындалған.

"Алайды осы жерге келгенде төрешілер коллегиясы біздің парашюттерді спорттық деп танып, өздерінің 9 секциялы Арбалет-2 парашюттік жүйесін ұсынды. Алайда соған қарамастан, таныстық секірулерді жасамай-ақ, бейтаныс парашюттермен біздің жігіттер жақсы нәтиже көрсете білді", – деп ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық әскери қызметшілер 3-17 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Псков облысында халықаралық армиялық ойындарға қатысуда.

 

Рустем Игисинов,

 капитан

 "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір