• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:04:08
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2019 Әлеумет

Болашақтың мамандықтары

Мамандық таңдаудан қателеспеу керек. Болашақтың мамандықтарын қазірден меңгеру керек.

Заманына қарай жаңа мамандықтар пайда болып тұратыны заңды құбылыс. ХХ ғасырда қазақтар балаларын көбіне дәнекерлеу, мал дәрігері, құрылыс салаларына оқуға берді. Тәуелсіздік алған 90-шы жылдары ата-аналар балаларын мұғалім, дәрігер, заңгер мамандықтарына түсірді. 2000 жылдан бастап елімізге IT саласы, IT маманы деген түсінік келді. Бүгінде IT саласы ең бір сұранысқа ие саланың бірі. ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан, осыған сай жаңа мамандықтар да дүниеге келіп жатыр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі бүгінде біздің елде де кең танымалдылыққа ие болып келе жатқан екі мамандықты назарларыңызға ұсынады.

    SММ менеджері ( Social Media Marketing ). Әлеуметтік желімен жасалатын маркетинг. Естіген ел елең ете қалатын, көп адам білмейтін саланың бірі. Соңғы жылдары әлеуметтік желілер өмірімізге әбден енді. Әлеуметтік желілер адамдардың қарым-қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өздерімен бірге жаңа мамандықты да ала келді.

SММ менеджер қандай мамандық?

SMM менеджер адамдарға барып жарнама жасап, тек сайттармен жұмыс жасамайды. Олардың басты мақсаты – аудитория жинау. Аудитория жинау үшін сауатты пост жазып, оқырмандармен диолог құрып, әдемі бейнероликтер түсіру арқылы оқып отырған оқырманның, көріп отырған көрерменнің қызығушылығын ояту. Сонымен қатар аудиторияға ақпарат, пост ұсыну, жарнама жасау арқылы пайда табады. Ең негізгі пайда табатын әлеуметтік желілер инстаграм, вконтакте, ютуб және сайттар.

Елімізде ешбір оқу орны SММ менеджер мамандарын оқытпайды. Ондай мамандықты оқытатын оқу орны да жоқ. IT мамандардың ақыл-кеңесін тыңдап, SММ менеджерлердің курстарына қатысу арқылы осы саланы толық меңгеруге болады.

PR менеджер. Бұл – «қоғаммен байланыс» деген сөздің қысқарған ағылшынша атауы. Нағыз PR маман өзінің және басқа да нарықтарды толықтай зерттеп білуі тиіс. Жаңадан қалыптасып жатқан тенденцияларға лезде бейімделе білу қасиеті болғаны жөн. Осыған қоса, компания серіктестерімен, демеушілермен, тіпті үкіметпен тиімді қарым-қатынас орната білуі қажет. Қажетті ақпаратқа ие бола отырып қана PR-маманы қазіргі таңда үлкен табыстарға жете алады. Бұл маман иесі компанияның имиджін қалыптастыру үшін жарнама жасайды. Сол арқылы компанияны танытып, тауарларын өткізуге күш салады. PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Бірақ екеуі екі түрлі мамандық.

  Уильям Гибсон  "Бүгінгі күн – болашақтың сұлбасы" дейді. Ендеше, ақпараттық технологиялар минут сайын дамып жатқан мына әлемде заман ағымымен бірге жүзу – өмір талабы.

Алғабек Хамитұлы

 

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір