• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:15:04
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2019

Атамбаевтың әйеліне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Раиса Атамбаеваның өзі айтқан.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Азаттық Радиосының жазуынша, бұл іс президент аппаратының сот реформасы және заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Манас Арабаевтың ісі аясында қозғалған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Раиса Атамбаеваның өзі айтқан.

"Арабаевтың ісі аясында бүгіннен бастап маған қарсы қылмыстық іс қозғалғанын жаңа ғана білдім. Мен судьялардың ісіне ешқашан араласпағанымды айтқым келеді, саясат лас іс екенін білетінмін, сондықтан оған араласпауға тырыстым. Мен тіпті бір де бір судьяны танымаймын", - деді Атамбаева.

Экс-президенттің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын Қырғызстан бас прокуратурасы растаған. 

Бұған дейін Атамбаевның күйеуі, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір