• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:55:46
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Ұлт жоспары бағдарламасында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру мен олардың жұмысын жеңілдету және ашықтықтың болуына  қатысты тапсырма бергені мәлім. Осыған орай сот саласында заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты реформалар жүзеге асып жатыр. Ол - ең алдымен сот процесінің мөлдірлігі. Неге? Соттың ашық болуы біріншіден, халықтың заң органдарына деген сенімін күшейтеді. Екіншіден, соттың жұмыс процесінен халық толыққанды құлағдар болады. Мұның барлығы халықпен тікелей кері байланыс десе де болады. Сонда ғана халықтың судьяларға ықыласы артады, сенімі пайда болады.

Адам өмірінде неше түрлі оқиғалар орын алуы мүмкін. Мысалы, оқыста көлік айдап келе жатып, жылдамдықты асырып немесе өзгенің кінәсінен апатқа ұшырайтындар бар. Мұндай жағдайда  қайтпек керек? Әрине, ең алдымен екі жақ сотқа жүгінеді немесе өзара келісіп, көліктің соғылған жерін өзара келісіп, жөндейді. Әрине, мұны медиация дейді, яғни қарапайым сөзбен түсіндірсек, даулы мәселені сотқа дейін жеткізбей, екі жақ өзара шешеді.

Расы керек, бұған дейін мұндай реформалар жүзеге асқан жоқ. Президент тапсырмасынан кейін сот, құқық саласында осындай арнайы бағдарламалар қабылданды. Атап айтар болсақ, Жоғары сот тарапынан Ұлт жоспарына сәйкес қабылданған мұндай бағдарламалар ең алдымен тиімділігін көрсетті. Ал мұның мәнісі неде?

Біріншіден, алдымен олар пилоттық жоба ретінде әр аймақта сыналып, тәжірибеден өтті.

Екіншіден, пилоттық жобаның  кем-кетіктері ескерілгеннен кейін барлық аймақтарда, атап айтқанда тұтас Қазақстанда жүзеге аса бастады.

Үшіншіден, қарапайым адамдардың сотқа қолжетімділігі айқын байқала бастады.

Төртіншіден, қазір бұрынғыдай емес, жеңіл. Өйткені адамдар интернетті еркін меңгерген, талап арызды интернет арқылы сотқа жібере алады.

Ұлт жоспарында "Заңның үстемдігін қамтамасыз ету" деген арнайы бап бар. Мұнда сот, құқық қорғау, заң саласында жүзеге асатын барлық реформалар атап көрсетілген. Ұлт жоспарына сай қабылданған ол қандай бағдарламалар? Атап айтар болсақ, оның бірі "Түнгі сот" деп аталады. Ал сіз түнде де сот бола ма дерсіз! Болады. Мұның барлығы ең алдымен сотқа деген сенімділікті күшейту және болған оқиғаға қатысты жедел шешім қабылдау. Жедел шешім дегеніміз не? Ендеше мұны қарапайым тілмен түсіндіріп көрелік.

Мысалы, кешқұрым, қас қарая жол көлік апаты орын алды делік. Жол апатына екеудің біреуі кінәлі болып шығуы мүмкін. Кінәлі жақ мәселені сотқа дейін жеткізбей, олқылықты өтеп беруге тырысады. Егер қос тарап келіспеген жағдайда  полиция өкілін шақырады. Бұл кезде қандай жағдай орын алуы мүмкін? Бұл сәтте сізге "Түнгі сот" көмекке келеді. Бұл қысқаша тұжырымдап айтқанда, қарапайым адамдарға жасалған  нақты қадамның бір бабы. Сондықтан да  оның тиімділігі де көп болып отыр.  Ал "Түнгі сот" неге қолайлы деп ойлайсыз? Өйткені оқиға болған жерде бірден хаттама толтырылады да, бірден сот залындақаралады. Ешкім соттан қашпайды. Оқиға ізі суымай бірден ашылады. Мысалы, бұрынғы кезде жағдай немесе оқиға басқаша өрбіген. Сот шешімі шыққаннан кейін үкім көлікті сақтандырған компаниясына жіберіледі. Оған дейін  үш ай уақыт өтіп кетеді. Ал "Түнгі сот" мәселені жедел қарайды,  шешім он бес күннің ішінде  шығады. Бұл екі тарапқа да тиімді емес пе?

Біріншіден, көп уақыт алмайды. Екіншіден, бәрі уақтылы жүзеге асырылады және  барлығы да жедел істеледі. Екі тараптың бірі кінәсін мойындап тұрса, мұның шаруасы тіпті тез бітеді. Шешім он бес минутта шығарылады. Сондықтан да  бұл жобаның қазіргі уақытта қарапайым халық үшін де, сот, судья үшін де тиімділігі өте зор болып тұр.

Берік Бейсенұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір